2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗ ТУРАЛЫ 

 

Астана қаласының төрінде орналасқан «NURORDA» мектеп-лицейі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың соққан алғашқы қоңырауымен 2007 жылы ашылды. Сәні мен сәулеті келіскен «NURORDA» мектеп-лицейі «Білім-Орда» Халықаралық қоғамдық қорының жетекшілігімен жұмыс атқаруда.
«NURORDA» мектеп-лицейі осы бағытта егемен еліміздің ертеңі үшін, білімді де, саналы, парасатты азаматтарды тәрбиелеуде табандылықпен жұмыс жасап отырған білім ордасы.

МИССИЯСЫ 

 

Оқушылардың ерекше қабілеттерін айқындап, дамыту арқылы, адами құндылықтарды бойына сіңірген, салауатты өмірді ұстанып, өзін-өзі ұдайыжетілдіретін, кез- келген мәселені оңтайлы шешуге дағдыланған жаһандық тұлға қалыптастыру.

ЛОГОТИП

 

Мектеп-лицейдің логотипінде шаңырақ және төрт дөңгелек бейнеленген. Қазақ халқы үшін киелі шаңырақ - отбасы, бірлік пен ынтымақтың нышаны.Ал төрт дөңгелек өскелең ұрпағымыздың бойында болса деген төрт маңызды қасиеттің белгісі: ізгілік, сүйіспеншілік, білім және тәрбие.

ОҚУ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • «NURORDA» мектеп-лицейінің оқу жоспары «ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» негізінде жасалып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті бекіткен.
  • Республикамыздың 2017-2018 жылғы білім саласының сараптамасы бойынша «NURORDA» мектеп-лицейі ең мықты мектептерінің ішінде 4-орын иеленген.
  • «NURORDA» мектеп-лицейі өз ішіндегі ерекшеліктеріне қарай бөлінеді:
    • Бастауыш /1-6 сыныптар/
    • Лицей /7-11 сыныптар/
  • Бастауыш бөлімде (1-6) сыныптарда оқыту қазақ тілінде. Лицей (7-11) сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. 
  • Оқу үрдісінде орыс тілі мен орыс әдебиеті, түрік тілі пәндері де қамтылған.
  • Математика пәнін тереңдетіп оқытуға баса назар аударылады. Аптасына 7 сағат математика пәні оқытылады. «Белсенді математика», «Қызықты математика» пәні қосымша беріледі.
  • Оқыту әдістемесінде Германиядан алынған «LOGIKO PICCOLO» тақтасы қолданысқа енгізілген.
  • Ағылшын тілі бастауыш сыныптарда аптасына 5 сағаттан шетелдік мамандармен жүргізіледі.
  • 4-10 сыныптарда ағылшын тілін тереңірек меңгерту үшін деңгей бойынша топтармен оқытылып, жыл соңында Кембридж халықаралық емтихандарын тапсырады.
  • 10 сыныптар IELTS емтиханын міндетті түрде тапсырып сертификат иеленеді.
  • Бастауыш сыныптарда ұлттық Домбырамыз міндетті пән ретінде оқытылады.
  • Сыни тұрғыдан ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды, сенімділікті үйрететін Интеллектум, Шахмат пәндері оқу бағдарламасында қарастырылған.
  • 1-11 сыныптарда күн тәртібінде міндетті түрде «Кітап оқу» уақыты енгізілген. Оқушылар өздеріне ұнайтын кітапты қалаған тілінде оқи алады.
  • Алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрететін:
    • «Мехатроника»
    • «FashionClub»
    • «CraftHouse»
    • «CookingClub»
    • «MotionPicture»
    • « Music Art» 
    • қолданбалы курстары 7-11 сыныптарға жүргізіледі.
  • «NURORDA» мектеп-лицейі - ProjectBasedLearning (PBL) жоба бойынша оқыту әдісін қолданылатын санаулы мектептердің бірі. Бұл әдіс оқушы бойында сөйлеу дағдысын , сыни тұрғыдан ойлауды, топпен жұмыс істеуді , жаңашылдықты қалыптастырады.
  • Сабақ кестесі санитарлы-гигиеналық талаптар негізінде құрылған. Оқу аптасының уақыты – 5 күн. Сенбі күні қосымша сабақтарға және шығармашылық іс- шараларға арналады.
  • Тәрбие бағдарламасы Ұлттық білім академиясының кешенді тәрбие жоспарымен сәйкес.

AТА - АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ