2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

ҚАБЫЛДАУ

«NURORDA» мектеп-лицейі» мекемесі 2018-2019 оқу жылына қабылдау тәртібі
 
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1.  Мектеп-лицейге 1-11 сынып оқушылары қабылданады. Әр сыныптағы оқушы саны 22-24 оқушыдан аспайды.
1.2. 2-6 сыныптары қазақ тілі (20 сұрақ), математика (20 сұрақ), дүниетану (10 сұрақ) пәндерінен емтихан тапсырады.

1.3. 7-11 сыныптары ағылшын тілі (30 сұрақ), қазақтілі (10 сұрақ), математика (20 сұрақ) пәндерінен емтихан тапсырады.

1.4.Оқушыға емтиханды қазақ және орыс тілдерінде тапсыру мүмкіндігі беріледі.

1.5. 8-11 сыныптар үшін емтихандар ағылшын тілінде өткізіледі.

​1.6. Емтихан уақыты – 2сағат
 

​2. ТІРКЕЛУ


2.1. Үміткерлерді тіркеу 18.03.2019ж. басталады.
2.2. 1-6 сыныптарға (Бастауыш бөлім) үміткер оқушы:

  • туу туралы куәлік

  • 2 дана 3*4 фото

  • Құжатты ата-анасы тапсыруға болады. Оқушының келуі шарт емес.

2.3. 1-6 сыныптарды тіркеу ғимараттың «В» блогында, 132 кабинетте жүргізіледі.
Толық ақпаратты келесі телефоннан алуға болады: +7 7172 42 78 22.

2.2. 7-11сыныптарға (БИЛ–ға тапсыратын) үміткер оқушы:

  • туу туралы куәлік

  • мектептен анықтама

  • оқушының өзі келуі тиіс (келе алмаса 3х4 екі дана фото алып келу керек).

2.3. 7-11 сыныптар үшін тіркеу ғимараттың «А» блогында, 331
кабинетте жүргізіледі.


Толық ақпаратты келесі телефоннан алуға болады: (сот.+ 7 7172 42 79 94)
(сот. +7 702 534 8492). Үміткер суретке түсіріліп, тіркеу парағы беріледі. Бұл тәртіп басқа мектептен келетін үміткерге ғана емес, мектебіміздің 6-сынып оқушыларына да міндетті.


2.4. Мектебіміздің 6-сынып оқушысы Астана қаласының басқа Білім инновация лицейлеріне түсуді қаласа, сол мектепке барып тіркелуі тиіс.


3. ЕМТИХАН


3.1. Мектеп-лицейге оқушыларды  қабылдау емтиханы  21.04.2019ж. өткізіледі.
3.2. Емтихан нәтижесін 7 күннен кейін жоғарыда берілген телефондар бойынша білуге болады.

 
4. РЕЙТИНГ БОЙЫНША ОҚУ АҚЫСЫНА ЖЕҢІЛДІККЕ ИЕ БОЛУ МҮМКІНДІГІ

 

4.1. «Білім Инновация» Халықаралық қоғамдық қорымен жыл сайын өткізілетін Білім инновация лицейлеріне 7-сыныптан бастап оқуға түсу емтиханының  қорытындысы нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша алғашқы 100 үздік үміткердің қатарына іліккен оқушыға мектеп-
лицей грант негізінде оқуға түсуге ұсыныс жасайды.
4.2. Грантқа тапсыратын оқушылар /7- сыныптар/ «Білім Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының  28.04.2019ж. және  19.05.2019ж. күндері өтетін қабылдау  емтихандарына  қатысу қажет.
4.3. 

  • 1-тур емтиханы математика, логика (40 сұрақ), қазақ тілі (10 сұрақ), тарих (10 сұрақ) пәндерінен өткізіледі (өткен жылғы ақпарат бойынша).

  • 2-тур емтиханы математика, логика (55 сұрақ), қазақ тілі (10 сұрақ), тарих (10 сұрақ) пәндерінен өткізіледі (өткен жылғы ақпарат бойынша).

4.4. Ұсынысты қабылдаған оқушы Мектеп-лицей тарапынан ұйымдастырылатын конкурстан өтеді. Конкурсты өткізу уақыты - 08.06.2019ж. Емтихан математика-логика пәні (50 сұрақ) бойынша
өткізіледі.
4.5. 2018-2019 оқу жылына бөлінетін грант саны – 10.
 

Мектеп-лицей туралы толығырақ мәліметті nurorda.kz сайтымыздан алуға болады.