2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМІЗ 

БІЗДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМІЗ
 

  • «NURORDA» мектеп-лицейінде жаңа үлгідегі сыныптар интерактивті тақталармен жабдықталған.

  • Оқушыларға iMac компьютерлерімен жабдықталған зертхана, спорт, би және музыка залдары, жүзу хауызы, кітапхана, оқырман және мәжіліс залдары, фото және медия студия, робототехника, ас бөлмесі, тігін шеберханасы, қол өнер бөлмесі, музыка студиясы қызмет етеді.

  • Оқушылардың жеке қызығушылықтарын , шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 29 үйірме жұмыс істейді.

  • Оқушыларымыз үш мезгіл дәмі тіл үйіретін аспен қамтамасыз етілген. Қосымша екі буфет жұмыс істейді.

  • OTA (Oxford Преподаватель Академии) ұйымының бас мамандары жыл сайын оқушыларға сапалы білім беруді жетілдіру мақсатында мұғалімдерге семинар өткізеді.

  • Тоқсан сайын БТС (Білім тексеру сынағы), ТЖБ (Тақырыптық жиынтық бақылау) оқушыларымыздың білім сапасын анықтауға арналған емтихандар алынады. 

  • SAT-әлемнің озық университтеріне түсу емтиханына дайындық орталығы жұмыс істейді. Осы оқу жылында дайындалған 12 оқушымыздың алтауы мүмкін болған 800 ұпай жинады

  • Математиканы оқытып үйретуге арналған IXL-сайтымен тығыз байланыс орнатылған.

  • EduPage - электронды күнделігі ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оқу-тәрбие үрдісін электронды бағалау, бақылау үшін жұмыс істейді.

  • Edmodo - оқушы мен мұғалім арасындағы ықпалдастықты нығайтатын әлеуметтік желі де мектепте іске қосылған.

  • Twig-world - оқу бағдарламасы негізінде жасалған, алған білімді шынайы өмірмен байланыстыратын, сол арқылы оның мықтап есте сақталуын қамтамасыз ететін жаңашыл білім беру ресурсымен үнемі шығармашылық байланыстамыз.

  • Мамандықты таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп, ең үздік жоғары оқу орнындарына түсуге дайындықтар жүргізуге көмектесетін, ақыл-кеңес беретін «Сareer» кординаторы жұмыс жасайды.

  • Оқушылар үшін денсаулықтарын жақсартуға арналған әр түрлі құралдармен жабдықталған, веложаттықтырушы, жүгіру жолағы, штангалар, боксқа арналған кешенді жаттықтыру құралдары орналасқан зал жұмыс жасайды.

  • Соңғы үлгідегі бассейнімізде жүзу пәні жүргізіледі.

  • Лицейіміздегі жаңалықтар мен ақпараттарды Сіз біздің әлеуметтік желідегі «www.nurorda.kz» сайтынан және «NurordaTV» youtube каналынан көре аласыз.  

  • Күн тәртібінде оқушы үй тапсырмасын орындау үшін арнайы этюд уақыты бөлінген.

  • Лицейімізде жылына екі рет ашық есік күнін өткізеді. Биылғы жылы ашық есік күні-06.04.2019 жоспарланған.

Болашақта білім бәйгесінен оза шауып, мерейің үстем болсын «NURORDA»!