2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Жаңалықтар

March 1, 2016

  1. «NURORDA» мектеп-лицейінің «Сабақтан тыс» жобасының негізінде белгілі қазақстандық эстрадалық  «РИНГО»тобының әншісі, Алматы қаласындағы қазақ- түрік лицейінің түлегі Аян Бірбаевпен кездесу өтті. Оқушы кезіндегі қызықтар, өнер жолындағы еңбек, достарымен қарым – қатынасы, бос уақыты, мақсат – мұратқа жетудегі ой- пікірлерімен бөліскен кеш өте тартымды болды.

  2. «NURORDA» мектеп-лицейінде қаңтар айының 18-23 аралығында «Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем» тақырыбында апталық өткізілді. Тіл мен төл әдебиетімізге арналған іс – шаралар  оқушыларға керемет көңіл күй сыйлады.

  3. Астана қаласының білім басқармасы және  қалалық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығымен бірлесе отырып, мектебімізде «Жұлдызды Олимп -2016» атты республикалық олимпиадаға жолдама алған Астана қаласының құрама командасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді. Биылғы жылғы олимпиаданың ең үздік есімі ретінде біздің мектебіміздің 9 «с» оқушысы Хомар Шыңғыс болып марапатталды. Себебі  біздің Шыңғыс химия пәнінен 100 ұпай жинаған жалғыз оқушы  екен.

  4. «NURORDA» мектеп-лицейінің « Сабақтан тыс» жобасы бойынша  осы аптада тәуелсіз режиссер, атақты киношебер Роберт Родригестің өзінен дәріс алған, «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен  Техас университетінде оқыған, Шымкен қазақ- түрік лицейінің түлегі,  « ОН и ОНА» фильмінің  режиссері Сакен Жолдаспен кездесу болып өтті.

  5. NURORDA FILM FEST-2016 өткізілді.  Ақпан айының 26 күні оқушыларымыздың өз  шығармашылығымен түсірілген деректі, көркем фильмдерінің  ең үздіктерінің таңдалады.Бұл  ауқымды іс шараның мақсаты шығармашыл жастарымыздың тың идеяларына, жаңа әдістеріне мүмкіндік ашу, елімізді дамытуда көздеген мақсаттарына  жол көрсету. Фильм-фестивальға ұсынылған деректі фильмдер достық, уақыт, әлеуметтік проблемалар сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Фильм-Фестиваль қорытындысында 11 номинация бойынша: «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік дыбыстық әрлеу», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік оператор», «Үздік редактор», «Үздік постер», «Арнайы марапат» марапаттаулар берілді.

  6.  

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload