2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Математика, информатика һәм биология күндері

November 12, 2016

 

         Оқушыларды білімге құштар етудің таптырмас формасы – танымдық сайыстар мен білім додаларын ойын түрінде ұйымдастыру. Осы орайда мектебімізде «Математика күні» қызыққа толы болды. «Математика – ғылымдардың патшасы» қағидасын ту еткен бұл шарада оқушыларға көптеген қызықты жарыстар мен арнайы көрме ұсынылды.

         Балалар үшін мектеп арнайы безендіріліп, әр қабатқа есептері бар стендтер орнатылды. Ол жерде математика әлемімен таныстыратын танымдық ақпаратпен қатар, өзгеше ойлауды талап ететін логикалық жұмбақтар жасырылды. Осыған қоса балалардың мол қызығушылығын тудырған «Миллион кімге бұйырады?» форматындағы сайыс та күні бойы жалғасты.

         Ал 10-сынып оқушылары күрделі әрі қызықты математикалық жарыста кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен бұл додада 10 «А» сыныбының оқушылары 350 ұпай жинап, жеңіске жетті. Қанжығасына 260 ұпай байлаған 10 «С» төрттігі ІІ орын алса, 160 ұпай иеленген 10 «В» өкілдері ІІІ орынға тұрақтады.

         «Математика күні» балалар үшін ұйымдастырылған арнайы көрмемен аяқталды. Көрмеде математикалық ойлауды талап етілетін үстел ойындары қойылды. Есептің дұрыс шешімін анықтап, жұмбақтардың жауабын жылдам  тапқан оқушылар сыйлықтармен марапатталды.

         Ғылым мен білімді оқушылар арасында кеңінен насихаттау шаралары «Информатика және Биология күнімен» ұласты. Бұл жолы ұйымдастырушылар оқушыларға «тосын сый» ұсынды.

Арнайы жасалған көрмеге маймыл мен жылан, шиншилла мен жанат және басқа да жануарлар әкелінді. Оқушылар оларды тек ұстап қана қоймай, қызыға фотоға түсіп жатты.

Осыған қоса «Robotics» үйірмесі көрмеге балалардың өздері жасаған түрлі роботтарды таныстырды. Олардың арасында Рубик кубигін шапшаң құрастыратын, асқан шеберлікпен пианино ойнайтындары жиналғандарды таң қалдырып жатты.

Қызыққа толы болып, дәстүрге айналған осындай «пән күндері» әлі жалғасын таппақ. Ендігі кезекке мектебімізде Химия және Тілдер күні сияқты шаралар жоспарланған.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle