2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Мектебімізде «Cooking Club» үйірмесі ашылды

November 23, 2016

 

«NURORDA» мектеп-лицейінде пайдалы істі көтеріңкі көңіл күймен ұштастыра білген жаңа «Cooking Club» үйірмесі салтанатты түрде ашылды.

Үйірменің басты мақсаты – оқушыларды тәтті әрі дәмді кондитерлік өнімдерді дайындауға үйрету, аспаздық өнердің қыр-сыры мен әлем халықтарының дәмханасымен таныстыру, осыған қоса дұрыс тамақтану негіздерін насихаттау.

Мектебіміздегі бірегей жобаның тұсауын кондитер, өз саласының асқан шебері Әсел Курманалиева кесті. Ол жиналған қауым үшін арнайы мастер-класс өткізіп, оқушылардың қойған барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Әсел ханым тағам әзірлегенде өзі қолданатын ерекше «құпияларымен» бөлісіп, «Марокколық арман» тәтті печеньесінің рецептін үйретті.

Үйірмеде түрлі тағамдар істеп, аспаздық саласында өз қабілеттерін шыңдау үшін балаларға барлық жағдай жасалған. Себебі лицейіміздің 063 кабинеті емін-еркін тамақ жасауға толықтай жабдықталған және қатысушылар үшін танымдық әрі қызықты бағдарлама әзірленген.

«Cooking Club» жаңа үйірмесінің жаңалықтарынан хабардар болу үшін Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @cooking_club_nurorda парақшасына жазылуға кеңес береміз! Кездескенше, жас аспаз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload