2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Лицейімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мырзамен кездесу өтті

November 30, 2016

 

«NURORDA» мектеп-лицейімізде ҚР Тұңғыш Президент күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елбасы және Ел мұраты» тақырыбында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мырзамен кездесу өтті.


Кездесу барысында Б.Смағұл ата-бабамыз жылдар бойы армандаған Тәуелсіздіктің қадір-қасиеті жайлы терең толғанып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи кезеңдегі ерен еңбегі туралы кеңінен баяндады.

 

Сондай-ақ, Бақытбек Смағұл мырза оқушыларға өзінің ерлік пен елдік, егемендік пен Елбасыға арналған өлеңдерін тебірене оқып берді.


Осыған қоса кездесу аясында мектеп мұғалімдері мен оқушылар өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Жүздесу соңында Б.Смағұл мектеп кітапханасына естеліктер кітабы мен өлеңдер жинағын сыйға тартты.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload