2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Тәуелсіздік тұғыры биікте!

November 30, 2016

 

«1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дәл беретін атау. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз», – деді бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Расында, қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өткен мемлекетіміз биыл ең қастерлі де қадірлі мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді.

Айтулы мерекеге орай «NURORDA» мектеп-лицейінде қызу дайындық жұмыстары жыл басынан бері белсенді түрде жүргізіліп келеді әрі кеңінен жалғасын таппақ. Жалпы, лицейіміз сапалы білім берумен қатар оқушылардың таным-түйсігін кеңейтуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өрелі де өнегелі тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Сондықтан Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, тілі мен ділін, жетістігі мен жеңістерін насихаттауға бағытталған танымдық іс-шаралар молынан ұйымдастырылады. Оқушылар әр мерекелік шараға белсене араласып, қызу атсалысады.

Осы орайда, еліміздің құндылықтарын қадірлеп, көпшілікке паш ету мақсатында мектебімізде өтетін «Тәуелсіздік тұғыры биікте» тақырыбындағы көптеген іс-шаралар жоспарланған. Мысалы, лицейімізде желтоқсан айында «Ел бақытын тербеткен - Тәуелсіздік!», «Тәуелсіздік туы желбіресін!», «Мәңгілік - Қазақстан» тәрбие сағаттары өтіп тұрады.

Ал 2-желтоқсан күні оқушылар үшін «Қазақстан біздің ортақ үйіміз!» атты сурет көрмесі өтеді. Осыған қоса 3-желтоқсанда балалар «Мәңгілік ел болашағы – біз!», «Егер мен президент болсам...» және «Қазақ елі мәңгілік!» тақырыптарында шығарма мен эссе жазып, ой толғайды.

Мектебіміздің кітапханасында «Елі үшін туған азамат!» және «Тәуелсіздіктің тұғыры биікте!» атты кітап көрмесімен қатар, «Тәуелсіздіктің нұры – Тұңғыш Елбасы!» атты кітап оқу онкүндігі өтеді.

Мерекелік шаралар легі 1-2 сынып оқушылары арасында «Жасай бер, мәңгі Қазақстаным!» атты патриоттық әндер сайысымен және 5-6 сыныптары арасында «Тәуелсіздік туған тілде жырлансын!» поэзия кешімен жалғасады.

Осыған қоса мектеп оқушылары «Тәуелсіздіктің тарихи шежіресі» шарасы негізінде «Балалық шағымның аспаны!» киносын тамашалайды. Ал, 8-желтоқсанда «100 қонақ, 100 сұрақ» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдасы!» кездесу кешінің сыйлы қонағы – атақты айтыскер Жандарбек Бұлғақов болмақ. 

Тұңғыш Президент күніне орай лицейіміздің 5 сынып оқушылары  Назарбаев орталығының «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің» көрмесіне барады.

Осылайша кең ауқымды шаралар қатары 13-желтоқсанда «Еркіндіктің көк қыраны биікте самғасын!» атты қорытынды концертпен аяқталады.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload