2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Лицейімізде PBL оқыту жобасы бойынша алғашқы сабақ өтті

December 6, 2016

 

Лицейіміз білім берудің заманауи талаптарына сай болып, оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін оқытудың үздік үлгілерін пайдалануды жолға қойған. Осы ретте, мектебімізде PBL оқыту жобасы бойынша алғашқы сабақ өтті.

 

Жоба аясында 6 «В» сыныбының оқушылары математика пәнінен «Теріс сандарды қосу» тақырыбын талқылады. Сабақ барысында балалар «Төменгі температураның адам денсаулығына тигізетін әсері қандай?» деген пробемалық сұраққа жауап іздеді.
Төрт топқа бөлініп жұмыс істеген оқушылар теріс сандарды өмірмен байланыстырыруға тырысты.

 

Олар суық ауа-райының адам денсаулығына тигізетін әсері туралы дәрігерлермен сұхбаттасып, мамандармен тілдесу үшін «Қазгидромет» кәсіпорнына барды, тіпті, тәжірибе ретінде балмұздақ жасап, суық суға да түсіп көрген. Осыған қоса атқарған барлық жұмыстарын сынып, мұғалімдер мен ата-аналар алдында қорғап шықты.

 

Оқушыларға кез келген проблеманың шешу жолын табуды үйрутеге бағытталған, теорияны тәжірибемен ұштастыруға дағдылап, топта жұмыс істеуге үндейтін PBL оқыту жобасы мектебімізде әлі жалғасын таппақ.
 

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle