2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Мектебімізге Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан қонақ болып келді

December 13, 2016

 


Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және лицейіміздің 10 жылдығы қарсаңында мектебіміздің «100 қонақ, 100 сұрақ» жобасының кезекті кездесуі өтті.«Тәуелсіздіктің төл құрдасы!» тақырыбында өткен шарамызға белгілі айтыскерлер Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан қонақ болып келді.


Қадірлі қонақтарымыз оқушыларымыз қойған сұрақтарға жауап беріп, сыйға қолтаңбалары қойылған кітаптарын тарту етіп, жиналғандар алдында «сурет айтысының» керемет үлгісін көрсетті.


Кеш соңында талантты ақындарымыз балаларымызбен суретке түсіп, мектебіміздің мерейтойына орай өлең шумақтарын жолдады.


Келелі кездесуімізге қонақ болған айтыскерлерімізге алғыс білдіріп, көп рахмет айтамыз!

 

 

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle