2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

«Жігерлі жігіттеріміз» жүледі болды

December 17, 2016

 

 

Біздің мектептің жан-жақты оқушылары тек білім додаларында ғана емес, шығармашылық пен өнер сайыстарында да алдына жан салмайды.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші лицейіміздің 6 «С» сынып оқушыларынан құралған «Жігерлі жігіттер» ұлдар ансамблі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Отаным деп шырқаймын» патриоттық әндердің ХІІ қалалық байқау-фестивалінде бақ сынаған еді.

Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі, хор және вокал үйірмесінің жетекшісі Нүркен Мұстафанов ағайымыз дайындаған квартет бұл байқауда «Вокалдық ансамбль» номинациясында ІІ орын иеленді. Оқушыларымыз «Ұлар» тобының орындауындағы «Қазақстан» (әні: Нұржан Теңізбай, сөзі: Қайбар Аллажар) атты әнін нақышына келтіре орындап, қазылар алқасын тәнтті етті.

Жүлделі болған өнерлі оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, келер байқауларда да мол табыс тілейміз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle