2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Зерделі шәкірттеріміз табысқа кенелді

December 19, 2016

 

Мектебіміздің оқушылары білім додаларына белсенді қатысып, өз жеңістерімен қуантып келеді. Сондай сүйінші жаңалықтың бірі 1-7 сыныптар арасында өткен «Зерде» балалардың зерттеу жұмысы мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсынан келді.

Лицейіміздің 5-сынып оқушысы Мәдина Жәміш жобалар сайысында 2-ші орын жеңіп алды. Ол математика мен әдебиетті, есеп пен тарихты ұштастыра білген «Ауызекі тараған математикалық есептер – ұлттық тәрбие бастауы» деген қызықты тақырыпты қорғады.

Ғылыми жобаның мақсаты – ауызекі тараған есептердің ұғым-түсініктерін тану арқылы қазақ халқының байырғы есептерімен танысу және осы заманғы математикада қолдану.

Осыған қоса, мектебіміздің 6-сынып оқушылары Танат Коломийцев пен Мунира Махамбеттің дайындаған ғылыми жұмысы да жоғары бағаланып, 3-ші орынға лайықты деп табылды.

Олар «Қобыз – киелі аспап» тақырыбын таңдап, Қорқыт бабамыздан қалған қобызды жан-жақты зерттеп, құрылымын талдап көрсеткен.

Шәкірттерімізді абыройлы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle