2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Бірегей жобамыз қарқын алды

January 1, 2017

 

Мектебімізде Ата-ана–Мектеп–Оқушы үштік одағының байланысы өте берік. Соның арқасында лицейімізде көптеген бірлескен жобалар жүзеге асып жатыр. Оған дәлел ретінде 2 ай бұрын ашылған «Cooking Club» үйірмесінің «Ата-анадан бір рецепт жобасы».

Бұл жоба аясында оқушыларымыздың ата-аналары үйірменің арнайы қонағы болып, балаларға бір тағамның рецептін көрсетіп, бірге тәтті тағамдар әзірлейді.

Жобаның алғашқы қонағы ретінде мектебіміздің 11 «С» сыныбында оқитын Айсұлу Смағұлованың анасы Балауса Смағұлова шақырылды. Балауса ханым қатысушыларға дәмі тіл үйіретін тирамису мен кекс жасауды үйретті.

Осыдан кейін «Cooking Club» үйірмесіне 11 «С» сыныбында білім алатын Ақселеудің анасы Динара Әлімжанова келді. Динара ханым шәкірттерімізге «Ванильді капкейктің» рецептін көрсетті.

Үйірмеге қатысып, өз тәжірбиесімен бөліскен келесі қонағымыз – 9 «С» сыныбының оқушысы Аружанның анасы Жанна Нұрғали болды. Жанна ханым оқушыларымызға бірден екі тағамның рецептін таныстырды. Осы жолы балаларымыз «Ет пирогы» мен «Қаймақ құйылған тәтті пирог» істеп үйренді.

Уақыт өткен сайын бірегей жобамыз қарқын алып, дами түсті. Оқушылар түрлі елдер мен халықтардың тағамдарымен танысты. Мысалы, «Cooking Club»-қа келген 8 «В» сыныбында оқитын Амираның анасы Зульфия Сакенова жиналғандарға татар және башқұрт тағамы «Қыстыбый» әзірлеп берді.

Айта кетейік, үйірмеде ата-аналардан бөлек кәсіби мамандардың да мастер-кластары өтіп тұрады. Мысалы жақында мектебімізге кондитер Эльмира Мамырханқызы қонақ болып келді. Эльмира ханым үйірме қатысушыларына «Шоколадты торт» жасаудың қыр-сырын үйретті.

Осылайша пайдалы істі қызықпен ұштастыра білген «Cooking Club» үйірмесі көңілді мастер-кластарды ұйымдастыруды жалғастыра бермек.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload