2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Мұғалімдер тәжірибе алмасты

January 6, 2017

 

Жаңа жылдық демалыс кезінде лицейіміздің бір топ ұстаздары Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектебіне сапарлатып, тәжірибе алмасу семинарына қатысып қайтты.

Біздің мұғалімдер семинар барысында өскемендік әріптестердің ата-анамен жұмысы туралы танысып, түрлі шығармашылық жобаларды қорғауды ұйымдастырудағы тың әдістерді тамашалады. Сонымен қатар, қос тараптың ұстаздары «Заманауи мұғалім келбеті қандай болу керек?» деген тақырыпта сөз қозғап, арнайы дебатқа да қатысты.

Семинар аясында мұғалімдеріміз Шығыстың ғажап табиғатын тамашалап, таза ауа аясында белсенді демалыс өткізді. Осыған қоса жергілікті ұжым қазақтың салт-дәстүріндегі «Келіншай» дәстүрін жан-жақты көрсетті. Екі білім ордасының ұстаздары қаладағы музейлерге барып, түрлі қызықты спорт және мәдени шараларға қатысты.

Семинарды пайдалы әрі қызықты етіп өткізген қонақжай әріптестерімізге шын жүректен алғыс білдіреміз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload