2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Шәкірттеріміз Оқушылар сарайы мен Ұлттық музейге барды

January 10, 2017

 

Қазір білім беру саласында оқушылардың тек теориялық білімін жетілдіріп қана қоймай, кітапта оқып-білгенін күнделікті өмірмен байланыстырып, практикалық жұмыстармен ұштастыру – әлемдік үрдіс. Біздің мектеп осы бағыттағы жұмыстарды қолға алып, бұл әдісті барынша қолданып жатыр.
Оған дәлел ретінде лицейіміздің 1-сынып оқушылары жаратылыстану пәнінен «Жер және ғарыш» тақырыбын жеңіл әрі пайдалы меңгеру үшін елордамыздағы Оқушылар сарайына саяхаттап қайтты.
Кішкентай шәкірттеріміз планетарий залына кіріп, «Ғарышты зерттеу» атты ғылыми-деректі фильм тамашалады. Бұл фильмде «Ғарыш дегеніміз не?», «Жер ғаламшары қандай?», «Зымырандар қалай ұшып-қонады?» деген сұрақтар түсіндірілді. Мұны үлкен экраннан тамашалаған кішкентай шәкірттеріміз аң-таң болды.
Осыған қоса балалар экскурсия кезінде түрлі үйірмелер жұмысымен танысып, түрлі құралдарды пайдаланып, ботаникалық баққа да кіріп шықты.
Ал «Салт-дәстүр» тақырыбы бойынша кітапта оқығанын қолымен ұстап, мұғалімнен естігенін өз көзімен көріп, сабақта өткен теориялық білімін практика жүзінде танысу мақсатында оқушылар Ұлттық музейге барды.
1-сыныпта білім алатын шәкірттеріміз ата-бабамыздың тағылымды тарихын паш ететін көрмелерді тамашалап, көптеген жәдігерлерді көріп, ежелгі тарих бойынша қызықты мағұлмат тыңдап қайтты.
Қазақ хандығының тарихы мен көркем әдебиетте суреттелген көшпенділер өмірімен танысу үшін мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары «Алмас қылыш» фильміне барып қайтты.
Балаларымыз Ілияс Есенберленнің «Көшпенділер» романының негізінде түсірілген Рүстем Әбдірашевтің туындысынан керемет әсер алып, Ұлы дала елінің сол замандағы тарихын үлкен экраннан көріп шықты.
Мектебімізде оқушылардың жан-жақты дамып, жетілуіне бағытталған осындай жобалар болашақта тек арта бермек.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload