2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Лицейіміз қалалық олимпиадада 27 жүлде жеңіп алды

January 20, 2017

 

Елордамызда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі өтті. Астана қаласының ең үздік оқушылары сынға түскен бәйгеде біздің «NURORDA» мектеп-лицейіміз 27 жүлделі орын жеңіп алды.

Талантты да талапты шәкірттеріміз математика, физика, биология, химия, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен 6 алтын, 10 күміс және 11 қола медальға қол жеткізді. Сонымен қатар, 5 шәкіртіміз арнайы дипломмен марапатталды.

Өздерінің қажырлы еңбегімен олимп шыңына көтеріліп, жеңіске жеткен оқушыларды атап өтуді жөн көрдік. Сонымен қатар, «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» дегендей оқушыларымызды білім бәйгесіне шыңдап, барынша қол ұшын созған ұстаздарымыздың да еңбегі ерен.

Олимпиадада математика пәнінен Ажар Смаұлова І орын ұтып алса, Марат Нсанбаев пен Жанайдар Мұқанов ІІ орын иеленді. Ал Аян Даулетьяров, Нұржан Нұрғуатов, Бекзат Сарсенбаев, Бибигуль Конкаева және Әмірхан Алпыспаев олимпиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді. Бұл оқушыларымызды Аян Сабитов ұстазымын дайындады.

Білім сайысында биология пәнінің оқушылары да алдына жан салмады. Мысалы Жұлдыз Қоянбаева елорданың 10-сыныптары арасында үздік нәтижеге қол жеткізсе, 10-сыныпта оқитын тағы бір шәкіртіміз Кәмиля Өміржанқызы 11-сыныптар арасында бақ сынап, алтын медаль иеленді. Осыған қоса, Айдай Беркінбаева, Айдария Болат-би мен Аманжол Қуантай жарыстың күміс жүлдесін иеленді. Өрендерімізді олимпиадаға дайындаған – биология пәнінің мұғалімі Ілияс Сакимов.

Физика пәніне келетін болсақ, 10-сыныпта оқитын Кемел Нұрдәулет алтын медаль жеңіп алды. Ал Асанәлі Рахметулла мен Әділ Олжабаев ІІ орын, Каирбек Уразалин ІІІ орынға тұрақтады. Осыған қоса, 8-сыныпта оқып, 9-сыныптың оқушыларымен білім жарыстырған Бекзат Батырханов арнай Алғыс хатпен марапатталды. Шәкірттерімізді олимпиадаға физика пәні мұғалімі Вячеслав Ли дайындады.

Химиядан өткен жарыста Азат Джоламанов 9-сыныптар арасында ең үздік екенін дәлелдеді. Ал, Шыңғыс Хомар кіміс, Нұржан Нұртаев қола медаль еншіледі. Сонымен қатар, 8-сыныпта оқи жүріп, жоғары сыныптың оқушыларымен сынға түскен Асқар Ержанұлы арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларды білім бәйгесіне дайындаған – химия пәнінің мұғалімі Дәурен Қалиев.

Өздері тек 8-сыныпта оқитын Мейіржан Амангелді мен Ерасыл Құтылбек информатика пәнінен 11-сыныптардың оқушыларымен жарысты. Алғашқы нәтиже де жаман емес. Қос оқушымыз арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Ал 9-сыныпта білім алатын Дияр Ермек ІІ орын алса, Аруай Амангелді ІІІ орынға тұарақтады. Бұл шәкірттерімізді олимпиадаға Нұрбол Айдарбаев ұстазымыз дайындады.

Қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәні бойынша Наргиз Махмудова алтын жүлде иеленді. Анар Семембаева дайындаған оқушымыз енді Астана қаласы атынан республикалық жарысқа қатысады.

Ал орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша Диана Абсалямова ІІ орын алса, Мералселин Бозджа қола жүлдеге қол жеткізді. Оқушыларды қазақ тілі пәні мұғалімі Ардақ Нуркешова дайындады. Осыған қоса ағылшын тілінен Сағынжан Абдуахап (ұстазы – Әсем Бурақожа) ІІІ орын жеңіп алса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан Әдия Ахметова (мұғалімі – Ерлан Абрдасилов) арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Осындай керемет нәтиже көрсетіп, биіктен жүлдегер атанған оқушылар мен ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Енді лицейіміздің 15 оқушысы елордамыз Астана намысын Республикалық олимпиадада қорғайтын болады. Олардың барлығына сәттілік тілейміз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload