2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Біздің мектеп үздіктер қатарында!

January 23, 2017

 

Мектебімізде «Жұлдызды Олимп-2017» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған Астана құрама командасын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Айта кететін қуанышты жаңалық, қалалық сайыста 27 жүлделі орын жеңіп алған «NURORDA» мектеп-лицейіміз жаратылыстану-математика бағытында қалалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық І орын иеленді. Ал мектебіміздің педагогикалық ұжымына Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (қалалық) кезеңін өткізуге қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат табысталады.

Мектебімізде өткен атаулы шараға елорданың ең талапты да дарынды, талантты да еңбекқор оқушысы жиналып, жүлделі орындары үшін медальдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ қалалық кезеңі қаңтар айының 5-6 аралығында өткен еді. Оған елордамыздың 837 оқушысы қатысып, оның 310 оқушы жүлдегер атанды.

Осындай тартысты білім додасында өзін барынша танытқан 80 оқушы наурыз айының 14-30 аралығында өтетін Республикалық олимпиадада Астана намысын қорғайды. Олардың қатарында біздің мектептің 15 оқушысы да бар екенін зор қуанышпен айта кетейік. 

Еңселі білім ордамызда марапатталған барлық оқушыларға Астана абыройын асқақтатып, республикалық олимпиадада да жүлделі орындардан көрінуіне шын жүректен тілектеспіз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload