2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Білім мен инновация тоғысқан көрме

February 13, 2017

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың соққан алғашқы қоңырауымен ашылған «NURORDA» мектеп-лицейіне биыл – 10 жыл. Осы ретте білім көкжиегінде сапалы әрі заманауи стандарттармен жұмыс істеп жатқан мектебіміз «

 

» көрмесін өткізді.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Өте, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев және Астана қалалық мәслихаттың депутаты Гайдар Қасенов қатысты.

Лицейіміздің 10 жылдық мерейтойына арналған білім көрмесінің басты мақсаты – елордалық мектептерге жылдар бойы жинақтаған мол тәжірибемен бөлісу, оқу процесіндегі жаңалықтар және жетістіктермен таныстыру, сабақта қолданатын инновациялық технологияларды, оқушылардың жасаған зертханалық тәжірибелері мен ғылыми ізденістерін көрсету, жас дарындардың бастамаларын қолдау.

Көрмеге әр пәннің қызықты әрі танымдық тұстарынан хабар беретін 28 стенд орнатылды. Мәселен, жаратылыстану бағытына арналған бөлімде физика мен математикадан, биология мен химиядан қызықты тәжірибелерге куә болды. Ал, гуманитарлық пәндерге бейім оқушылар тіл үйренудің тиімді әдістерін, қызықты мақалдар мен фразеологиялық тіркестерді, тарихтан сыр шертетін мәліметтер көрсеті.

Сонымен қатар, бұл шарада білім ошағымызда жұмыс істейтін 21 жаңашыл үйірмелердің жұмысы ұсынылды. Олардың арасында «Интеллектум», «Бейнелеу өнері», «Медиаклуб» және «Роботикс» сияқтылары бар. Биыл Астанада робототехника сабағына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл үрдістен біздің лицей де те қалыс қалмай, арнайы үйірме ашқан. Көрмеде сол үйірменің мүшелері өз жұмыстарын көрсетіп, көпшіліктің назарын өзіне аудартты.

«Алдарыңызда тұрған робот белгілі Рубик кубигін автоматты түрде құрастырып береді. Барлық түстерді үйлестіруге әрі кетсе екі минут уақыт кетеді. Біздің робот жасауға деген қызығушылығымыз осы үйірме ашылғаннан кейін пайда болды. Бұл сабаққа сегіз оқушы тұрақты қатысамыз. Бүгінгі көрмеге өзіміз құрастырған бес роботты әкелдік. Тағы екі робот дайындап жатырмыз», – дейді 9-сынып оқушысы Аружан Каримуллина.

Тәжірибе алаңына айналып, екі күнге жалғасқан білім көрмесіне елордамыздың басқа да мектептерінен оқушылар келіп, өзінің жоғары бағасын берді.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload