2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Лицейіміз робот құрастырудан үздік атанды

February 27, 2017

 

Астанада алғаш рет оқушылар арасында робототехникадан «Kazakhstan Robotics Challenge-2017» чемпионаты өтті. Еліміздің жан-жағынан жиналған 250-ге жуық жеткіншек «Сызық бойындағы жарыс», «Тапсырманы орындау» және «Робосумо» атты үш санат бойынша сайысқа түсті.

Қуаныштысы сол, біздің мектептің шәкірттері жақсы нәтиже көрсетіп, үздік команданың бірі ретінде чемпионаттың Кубогын жеңіп алды. Лицей намысын қорғаған Қарасай Раушанбек, Адильxан Байболов, Марғулан Жанай, Аружан Каримуллина, Джаxан Қабыкен, Алиxан Алашыбай, Диас Сембек және Тамерлан Самат өз білімін көрсетіп, дайындаған ұстаздардың үмітін ақтады.

Сонымен қатар, робототехника саласында жас ғалымдар тәрбиелеп, еліміздің инновациялық-индустриалды дамуына үлес қосқан үшін мектеп ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларды озық ойға жетелеп, зияткерлік қабілетін шыңдайтын айтулы шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, жастар мен балалардың инновациялар мен жоғары технологияларға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған. Осындай игі істі қалалық Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы және «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Қорыта айтқанда, екі күнге созылған дүбірлі додада оқушылар өз қолдарымен құрастырып, бағдарламасын жазған роботтары келген қонақтарды өзгеше ой өрістерімен таңғалдырып, көрермендерді керемет әсерге бөледі.

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload