2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

БІЛІМ КҮНІ - ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ

September 1, 2017

 

Сапалы білім жетелеген өрнегі бөлек, сәні мен салтанаты келіскен, жас ұрпақтың жан-жақты заманауи білім алуына мүмкіншілік жасалған өркениетті ұлт қалыптастыруға жол ашатын ”NURORDA” мектеп- лицейінің 1- қыркүйек Білім күніне арналған ”Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты мерекелік шарасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранымен ашылып, KATEV ХҚҚ-ның вице-президенті Абдуррахман Селдің құттықтау сөзімен жалғасты.

-Ізгілікке жаны құштар, білімге ынтық ардақты да аса құрметті қауым! Сүйікті шәкірттер! Бүгін -Білім  күні. Күндей жарқырап, қараңғылықтың пердесін ысырып, пенде атаулының жүрегіне тазалық нұрын себетін айтулы күн. Ұлтымыздың ұстазы Абай: ” Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады” деген. Сол адамдыққа бастайтын, ақиқаттың һәм адамшылықтың жолы – ғылым-білім күні құтты болсын!

Сонымен қатар, мерекелік шара барысында арнайы шақырылған қонақтар ҚР сенат депутаты, профессор Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы, Білім және ғылым министрлігінің өкілі Шарапат Сейсенбекқызы ізгі тілектерін білдірді.
    

Мереке соңы Білім күнінің алғашқы сабағына ұласты.

 

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle