2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Мәскеудегі «Мегаполистер Олимпиадасынан» 3 қола медаль!!!

September 9, 2017

 

Ресей астанасы Мәскеуде ІІ «Мегаполистер Олимпиадасы» аяқталды. Біздің елдің намысын қорғап, Астана қаласының атынан сынға түскен команда білім додасында жалпыкомандалық 3-ші орынға тұрақтады.
Үкілеген үмітті ақтап, жарқын жетістікке үлес қосқан оқушылар арасында біздің лицейіміздің 3 шәкірті ҚОЛА жүлдегер атанды. Олар: Аян Даулетьяров (математика), Азат Джоламанов (химия) және Дияр Ермек (информатика)!
Әлемнің 26 еліндегі Абу-Даби, Дели, Милан, Стамбул, Шанхай сияқты қалаларын жиналған кілең мықтылар арасында ел абыройын асқақтатып жүрген жас дарындарымызды және ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!
Білім бәйгесіне дайындап, қолдау көрсеткен ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! Тек қана алға!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle