2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

«Ұстазым, сізге мың алғыс!»

October 2, 2017

 

Мектебімізде Мұғалімдер күніне орай «Ұстазым, сізге мың алғыс!» атты мерекелік шарасы өтті.

 

Мереке барысында лицей директоры Ержан Аубакиров білім саласына зор үлес қосып жүрген ұстаздарымызға ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаттарын табыс етті.

 

Осыған қоса лицейіміздің тәжірибелі мұғалімдерінің бірі Жанар Бұғыбаева жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ең абыройлы марапаттарының бірі Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен, ал Қуат Қожахметов білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

 

Еліміздің ертеңі, халқымыздың келешегі саналатын жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосып жүрген барлық ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle