«Мен және әкем» отбасылық жарысы
November 22, 2017

Ата-ана-Оқушы-Мектеп арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту мақсатында лицейімізде интеллектум пәні бойынша дәстүрге айналып келе жатқан «Мен және әкем» атты отбасылық жарысы өтті.
Бала үшін асқар тау саналатын ардақты әкелеріміз оқушыларымызбен бірігіп түрлі есеп шешіп, күрделі тапсырмалар орындап, конструктор құрап сайысты.
Қызықты әрі көңілді өткен шара соңында ата-аналарымыз пікір бөлісіп, жылы лебіздерін жолдады.
Ал барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Белсенділік танытып, сайысқа қатысқан әр ата-анамызға алғысымыз шексіз!
Please reload
Соңғы акциялар
Please reload
Please reload
Please reload