2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Ұлттық музыка ұлықталды

November 29, 2017

 

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқы үшін домбыра мен ұлттық музыканың орны ерекше.

 

Осы орайда мектебімізде «Рухани жаңғыру – Ұлттың ұлы мұраты» атты домбыра тарту мен дәстүрлі ән айтудан шығармашылық сайыс өтті.

 

Лицейіміздің жан-жақты шәкірттері ұлттық өнерден де кенде емес екенін көрсетіп, домбыраның үнін күмбірлетіп, халық әндерін шырқады.

 

Қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған Аян Азат (11«А») 1-ші орын жеңіп алды. Осыған қоса Айша Нұрғожина (3«С»), Сағыныш Раманқұлқызы (6«D») мен Айдай Беркінбаева (10«А») 2-ші орын алса, Әбілмансұр Әбдіразақов (8«С») 3-ші орынға тұрақтады. ЖАРАЙСЫҢДАР!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle
  • YouTube - Grey Circle