2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!»

December 11, 2017

 

Биыл азаттық жолында аянбай еңбек етіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған «Алаш» қозғалысына 100 жыл!

Осыған орай мектебіміздің оқушылары Тарих және география апталығы аясында сол заманның тарихи оқиғаларын сахналап, Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған ұлы тұлғаларымызды көз алдымызға әкелгендей болды.

Бүгінгі бейбіт күннің жалынды жастары
«Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз!»
деп ұрандатып, рухымызды бір желпіндіріп тастады.

Осыған қоса, шәкірттеріміз абыройлы атадан асыл туған, бар ғұмыры ат үстінде жаумен айқаста өткен, дарынды қолбасшы, батыр, саясаткер Кенесары ханның туғанына 215 жыл өткенін еске алып, тарихқа шолу жасап, жұртты оның өмірбаянымен таныстырды.

Осылайша «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында көрсетілгендей, оқушыларымыз өткенін өшірмей, кемел келешекке нық қадаммен бағыт алуда. Жарайсыңдар!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle
  • Instagram - Grey Circle