2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Оқушыларымыз қалалық олимпиададан 35 медаль жеңіп алды!

January 9, 2018

 

Мектебіміздің шәкірттері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың Астана қаласындағы нәтижесі бойынша 35 медаль мен 5 арнайы Алғыс хатқа ие болды!

Лицейіміздің оқушылары 13 алтын, 14 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді. Осыған қоса 5 шәкіртіміз арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

 

Шәкірттеріміз білім додасына 8 пән бойынша, яғни математика, биология, химия, қазақ және орыс тілі, информатика, физика мен география пәндерінен қатысты. Айта кетейік, аталған барлық пәндерден кемінде бір алтын жүлде бар.

Білім бәйгесіне дайындаған барша ұстаздарымызды, үмітті ақтаған оқушыларымызды және ата-аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload

Please reload

  • Facebook - Grey Circle