2018 © NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ

Мектебіміздің оқушылары республикалық пəн олимпиадасында 19 жүлдеге ие болды!!!

March 21, 2018

 

 

20 наурыз күні Атырау қаласында жаратылыстану-математика пән бағыттары бойынша XX республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.

 

Бес күнге созылған олимпиадаға еліміздің 14 облысынан, Астана, Алматы қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан 19 команда қатысты.

 

Кіл мықтылар қатысқан білім додасының нәтижесі бойынша "NURORDA" мектеп-лицейінің шәкірттері 19 жүлдеге қол жеткізді:

АЛТЫН, І-орын:
Конкаева Бибигуль - математика;
Кемел Нурдаулет - физика;
Қуантай Аманжол - биология;

КҮМІС, ІІ-орын:
Нсанбаев Марат - математика;
Қанатұлы Аманбол - информатика;
Раxметулла Асанали - физика;
Өміржанқызы Кәмиля - биология;
Карашукеева Жамиля - биология;
Джоламанов Азат - xимия;

ҚОЛА, ІІІ-орын:
Жеңіс Алиби - математика;
Нұрғуатов Нұржан - математика;
Сарсенбиев Бекзат - математика;
Даулетьяров Аян - математика;
Муканов Жанайдар - математика;
Таубаев Темірлан - xимия;
Хомар Шынғыс - xимия;
Ермек Дияр - информатика;
Қоянбаева Жұлдыз - биология;
Тұрысбеков Әлібек - биология.

 

Осыған қоса, мектебіміздің 9 "С" сынып оқушысы Бибигуль Конкаева республикалық олимпиаданың "Жаңа есімі" атағын иеленіп, аса беделді Эдуард Шин премиясын жеңіп алды!

Атырауға ел ордамыз Астана абыройын арқалап барған Бибигуль 800-ге жуық оқушының арасынан оза шауып, математика пəнінен мүмкін болған 42 ұпайдың барлығын жинап, 100 пайыздық көрсеткіш көрсеткен жалғыз оқушы!

 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 800-ге жуық оқушының арасынан оза шауып, жеңіске жеткен шәкірттерімізді, оларды білім бәйгесіне дайындаған ұстаздарымызды және жас өрендеріміз үшін тақымын қысып, қолдау көрсеткен ата-аналарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Please reload

Соңғы акциялар
Please reload

Please reload